ҚР, Абай облысы, Семей қ, Міржақып Дулатов көш., 282
Меню

МӘМС

Қазақстан Республикасындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

  1. МӘМС деген не?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

(МӘМС)  – бұл халықтың денсаулығын сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.

МӘМС жүйе қатысушыларына уақтылы, қолжетімді, сапалы медициналық және дәрі-дәрмектік көмек ұсынуды қамтамасыз етеді.

  1. МӘМС енгізудің қажеттілігі неде?

Әлемде инфекциялық емес аурулардың өсуіне, жаңа медициналық технологияларды енгізуге және егде жастағы халықтың көбеюіне байланысты өзгерістер жүріп жатыр, бұл денсаулық сақтауға арналған шығыстардың ұлғаюына әкеледі.

Халықаралық практикада МӘМС енгізу жоғарыда көрсетілген сындарға жауап береді және денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі Қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі осындай сындарға дайын болуы  және жүріп жатқан өзгерістерге дер кезінде жауап беруі тиіс.

ЭЫДҰ елдерінің көпшілігі аз мұқтаждықтан көбірек мұқтаждыққа қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС таңдады.

Мұндай тәсіл мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың арасында денсаулық сақтау үшін жауапкершілікті бөлуді талап етеді.

МӘМС енгізу әмбебаптық, әлеуметтік әділдік және ортақ болу қағидаларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

  1. 2017 жылдан бастап Қазақстанда қандай денсаулық сақтау жүйесі болады?

Қазақстанда мемлекет барлық азаматтарды жарналар төленген-төленбегеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен (ТМККК) қамтамасыз ететін аралас жүйе болады. Оған қосымша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі және ерікті медициналық сақтандыру жұмыс істейтін болады.

  1. МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?   

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және әрбір адамның ортақ жауапкершілігіне негізделген:

мемлекет экономикалық белсенді емес халық үшін жарналарды жүзеге асыратын болады (халықтың әлеуметтік-қорғалмаған тобы үшін: 

(01.07.17 ж. бастап) 4%, ОАЖ-дан бастап -2 жыл, (2018 ж. бастап) 5% , (2023 ж. бастап) 6%, (2024 ж. бастап) 7%

жұмыс берушілер – жалдамалы жұмыскерлер үшін (кірістен (2%-дан бастап (2017 ж.)5%-ға дейін (2020 ж.)

жұмыскерлер (кірістен 1% (2019 ж.), 2% (2020 ж.)

және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, салық органдарында тіркелген – өздері үшін (кірістен 2% 

( 2017 ж. бастап), 3% ( 2018 ж. бастап),  5% ( 2019 ж. бастап), 7% (2020 ж. бастап).

  1. ӘМСҚ деген не?

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (ӘМСҚ) – бұл аударымдар мен жарналарды жинауды, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және ақы төлеуді жүзеге асыратын, медициналық қызметтерді сатып алу шартымен көзделген көлемде және шарттарда медициналық көмек көрсететін коммерциялық  емес ұйым.

  1. Азаматтың «сақтандырылғанын» қалай білуге болады?

Адамның медициналық сақтандыруы бар екенін білу үшін медициналық ұйымдар жұмыскерлерінің оның ЖСН-ін бірыңғай электрондық  дерекқорға енгізуі жеткілікті болмақ.

Егер аударымдар жүргізіліп жатса, онда өтініш беруші адам сақтандыру ұсынатын қызметтердің барлық түрін пайдалануға  құқығы бар.

  1. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар қалай МӘМС  жүйесінің қатысушысы бола алады?

Дара кәсіпкерлер жергілікті салық органдарында тіркелуі тиіс.

Жұмыс болмаған жағдайда, жұмыспен қамту органдарында тіркелуден өтіп, жұмыссыз мәртебесін алу қажет.

Жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар үшін жарналарды мемлекет жүзеге асырады.

  1. МӘМС жүйесінде мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде қандай қызметтің түрлері бар? 

- жедел  жәрдем  және санитариялық авиация;

- әлеуметтік мәні бар аурулар кезіндегі медициналық көмек;

- шұғыл жағдайлар кезіндегі медициналық көмек;

- профилактикалық екпелер.

Бұл  пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады. 

  1. МӘМС жүйесіне қатысушы қандай қызметтің түрлерін ала алады?

- амбулаториялық-емханалық көмек;

- стационарлық көмек;

- стационарды алмастыратын көмек;

- жоғары технологиялық медициналық қызметтер.

Амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету болжамдалады. 

  1. Мемлекет ӘМСҚ-қа жарналарды кім үшін төлейді?

«МӘМС туралы» заңға сәйкес қорға жарналар төлеуден босатылады:

1)    балалар;

2)    көп балалы аналар;

3)    ҰОС қатысушылары және мүгедектері;

4)    мүгедектер;

5)    жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;

6)    интернат ұйымдарында білім алып және тәрбиеленіп жатқан адамдар;

7)    күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар;

8)    бала тууына, асырап алуына байланысты демалыста жүрген адамдар;

9)    жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) іс жүзінде тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;

10)   зейнеткерлер;

11)    әскери қызметшілер;

12)    арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;

13)    құқық қорғау органдарының қызметкерлері;

14)    қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар;

15)    уақытша ұстау изоляторларындағы және тергеу изоляторларындағы адамдар.

Мемлекет 11, 12, 13-тармақтарды қоспағанда, 12 санат үшін жарна аударады. Азаматтардың бұл санаты ведомстволық желі мекемелерінде қызметтер алуды жалғастыратын болады.    

  1. ӘМСҚ-қа аударымдар мен жарналарды жинау қалай жүзеге асырылады?
  • ӘМСҚжұмыскерлер мен жұмыс берушілердің тарапынан жарналар мен аударымдарды, сондай-ақ ТМККК үшін нысаналы трансферттерді шоғырландыратын болады.
  • Қазақстандағы қолданыстағы практикаға сәйкес ӘМСҚ-қа түсімдерді бақылауды Мемлекеттік кірістер комитетіне бекіту ұсынылып отыр – осындай тәсіл қоғамдық сақтандырудың міндетті жүйесі бар көптеген елдерде қолданылуда.
  • Бұл сондай-ақ жарналар жинауды қайталайтын желіні құрмастан, қалыптасқан және жұмыс істеп тұрған жүйені сақтап қалуға мүмкіндік береді – аз әкімшілік шығыстар және үлкен тиімділік.
  • Мемлекеттік корпорация дербес ұйым ретінде барлық түсімдердің дербестендірілген есебін жүргізетін болады.
  • Мемлекеттіккірістер комитеті мен Мемлекеттік корпорация жүйелерінің арасында ақпарат алмасу қажетті мәліметтерді бере отырып, күнделікті негізде жүзеге асырылатын болады.
  1. МӘМС жағдайында медициналық қызметтердің сапасын бағалау қалай жүзеге асырылатын болады?

МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету жүйесі мыналарға:

  • пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
  • клиникалық және экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуге;
  • медициналық қызметтер берушілердің нысаналы көрсеткіштерге және индикаторға қол жеткізуіне бағытталатын болады.

Министрліктің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (МФҚБК) мемлекеттік бақылауды, оның ішінде:

  • денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуына бақылауды;
  • өлім жағдайларын тексеруді, оның ішінде ӘМСҚ өтініші бойынша;
  • пациенттердің шағымдарын тексеруді жүзеге асыратын болады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу ҚКМК
Дизайн және әзірлеу
SemStar
ҚР, Абай облысы, Семей қ.
Міржақып Дулатов көш., 282
8 (7222) 54 17 46